Талантты жазушы Аягүл Мантай дүниеден өтті

Әдебиет сүйер қауымның арасында өз орны, оқырманын тауып үлгерген жазушы Аягүл Мантай 29 шілде күні таңертең қайтыс болды.
Талантты жазушының мезгілсіз бақилық болғанын құрбысы Бану Оңдасынова растады. 39 жасқа қараған шағында көз жұмған Аягүл соңғы уақытта күйзелісте болған деді ол.
Жазушы Аягүл Мантай екі кітаптың авторы. Оның 2006 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» және 2019 «Жүрекке оралу» атты қос кітабы жарық көрген. Ол «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқай атындағы әдеби байқаудың жүлдегері. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері. Жазушы шығармаларына өз өмірінде арқау етіп үлгерген. Оның «Бөтен», «Соқыр сана», «Томпақ» сынды көптеген өзге де әңгімесі оқырман көңілінен орын тауып үлгерген.