Талдықорған полициясының бастығына "зорлау ісі" бойынша қылмыстық іс қозғалды
Талдықорған полиция басқармасының бастығы Марат Көштібаев облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталды.
Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлім етті.
"Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді.
ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді. Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды", делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Марат Күштібаев 2022 жылдың ақпанында Талдықорған қалалық ІІБ бастығы болып тағайындалды.
2023 жылдың наурыз айында Күштібаев қарамағындағыларды балағаттаған аудиожазбасы үшін «қатаң тәртіптік жауапкершілікке» тартылған болатын.