Талдықорғанда 10 млрд теңгеге онкологиялық диспансер салынады

Талдықорған қаласында онкологиялық диспансер салынады. Құны 10 млрд теңге шамасындағы әлеуметтік жобаны «Kazakhmys Holding» компаниясы іске асырмақ.
Осы жылдың маусым айында облыс әкімдігі, Денсаулық сақтау министрлігі, «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы Талдықорғанда онкологиялық орталық салу туралы үш жақты меморандумға қол қойған.
Аталған уағдаластық негізінде инвестор өз қаржысына орталық ғимаратын тұрғызады, Денсаулық сақтау министрлігі заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етеді, ал әкімдік өз тарапынан инженерлік коммуникациялық желілерін жүргізеді және ішінара құрал-жабдықтар алуға қолдау көрсетеді деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ жаңа онкологиялық орталықта гематология, оңалту, клиника фармакология бөлімшелері ашылып, радиология, химиотерапия, маммогинекология бөлімшелері жұмыс істейтіні айтылған.