Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:47, 03 Қараша 2023

Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісін бауыздап, өлтірмек болған

сы
Фото: из открытых источников

Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісін бауыздап өлтірмек болды. Алайда, қыздың айтуынша, полиция "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Оқиға 27 қазанда Талдықорған қаласындағы сұлулық салондарының бірінде болған. Жәбірленуші 28 жастағы Мадина Хуанбекқызына өзінің жігіті шабуыл жасаған. Кадрларда ер адам қызды қолымен ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірмекші болғанын көруге болады. Кейін ол үстелден кеңсе пышағын алып, қыздың мойнын кескен.

Жас ана ауыр жарақат алған. Жәбірленуші шұғыл отадан кейін бір жарым сағат реанимацияда болған. Операциядан кейін оны жағдайының ауырлығына қарамастан полицейлер алып кеткен.

"Отыра алмайтын, жүре алмайтын жәбірленушіден жауап алынды. Шабуылдаушы 1 күн жасырынып жүрді, содан кейін оны тауып, 2 күнге қамады. 293-баптың 3-бөлігі бойынша "суық қару-жарақ бұзақылығы" бойынша айыпталды. Алайда видеода оның адам денсаулығына қасақана зиян келтіру және өлтіруге әрекет ету екені анық көрініп тұр. 2 қарашада анам полицияға оның не үшін босатылғаны туралы шағыммен барды. Тергеуші анама оны ұстауға негіз жоқ деп жауап берген. Шабуылдаған ер адаммен біз бір аулада тұрамыз", - деді ол.

Полицейлер "суық қарумен Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғады. Шабуылдаушы қазір үй қамауында.