Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 11:21

Талдықорғанда көппәтерлі үйде өрт шықты: 7 бала аман қалды

Өрт
Фото: ашық дереккөз

Қаратал шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде өрт тіркелді.

Салдарынан кіреберіс тығыз түтінге толды.

Құтқару жұмыстары кезінде автосаты арқылы жоғарғы қабаттағы 8 адам, соның ішінде 7 бала, қауіпсіз жерге шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ. Құтқарылғандар қосымша медициналық тексеруден өту үшін Талдықорған қаласының көпбейінді ауруханасына жеткізілді.