Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:05

Талдықорғанда жол апатынан екі жасөспірім ауыр жарақаттанды

Н
Фото: скриншот

2 сәуірге қараған түні Талдықорғанда Toyota Camry жүйткіп өтіп, мопедпен жүрген екі жасөспірімді қағып кетті.

Апат Жансүгіров пен Балпық би көшелерінің қиылысында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, мемлекеттік нөмірі жоқ мопедпен соғысқан. Қатты соққыдан 2007 жылы туған екі жасөспірім қоршаудан асып ұшып кеткен.

Зардап шеккендердің екеуі де ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бірінде бас-ми жарақаты, қолының сынуы және бас тұсында көптеген жарақат бар. Екіншісі жамбас сүйегінен ауыр жарақат алып, аяқтары мен омыртқасы сынған, сондай-ақ денесінде жыртылған жаралар бар.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.