10:15, 26 Шілде 2024
Талдықорғандағы «Ардагерлер саябағы» жері мемлекетке қайтарылды

Талдықорған қаласындағы «Ардагерлер саябағының» жері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сот Талдықорған қаласы прокуратурасының «Ардагерлер саябағының» 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды, делінген хабарламада.
Прокурорлар жалпы пайдаланудағы орман саябағы аймағына жататын учаскенің 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған (Жер кодексінің 26-бабы бұзылған).
Кейіннен, жаңа жер иесі элиталық коттедждік қалашық салуды көздеп, оның пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.