15:00, 13 Қыркүйек 2021
Талдықорған маңында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты
Талдықорған-Үштөбе тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды,-деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті.
Мәліметке сүйенсек, 12 қыркүйекте сағат 19.15-те Талдықорған-Үштөбе тасжолының 41-шақырымында Toyota Karina мен Audi 80 автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері алған жарақатына байланысты қаза болды, ал Тoyota Karina көлігінің төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен Үштөбе ауруханасына жеткізілді. ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.