13:56, 05 Желтоқсан 2022
Талдықорған тұрғындары Назарбаев көшесінің бұрынғы атауын қайтаруды сұрады
Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысушылар бірқатар мәселені қарады.
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы 30 қарашада өтті. Қаралған мәселелер:
- Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы жоба;
- Талдықорған қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін нақтылау.
«Сондай – ақ, Жетісу облысының әкімдігі мен облыстық мәслихатқа Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша Назарбаев көшесіне Тәуелсіздік атауын қайтару туралы хаттар жолданды», — делінген хабарламада.