Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:21, 01 Мамыр 2023

Талдықорғанда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды

None
None

Polisia.kz мәліметінше, 29 сәуірде ҰҚҚКБ қызметкерлері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінде қару-жарақ сақталған қойманы анықтады.

«Жасырын орында қару-жарақ арсеналы болды. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш жарық шуылды граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды», — деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Қару-жарақ тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: