Талдықорғанда тұтас бір отбасы ысқа уланып, 3 адам қайтыс болды

11.01.2019, 01:19

130

Оқиға кеше кешкісін қала маңындағы саяжайлардың бірінде болған. Ысқа тұншыққан 31 жастағы отағасы мен 5 және 3 жастағы балалары оқиға орнында қаза болған. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, қайғылы оқиғаға пештегі ақау себеп болуы мүмкін.[caption id=«attachment_22770» align=«alignnone» width=«696»]Оқиға болған үй. Талдықорған қаласы, 10.01.2019[/caption]«Біздің қызметкерлер оқиға орнына барғаннан кейін пеште жарық бар болғаны анықталды. Жарықтың жан-жағынан түтін шыққаны көрініп тұр. Және де пештің мұржасы бітелген», дейді облыстық ТЖ департаментінің ресми өкілі Азамат ЖҰРТБАЕВ.Аман қалған 32 жастағы әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайы орташа ауырлықта. Жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.«Келген кезде жағдайы өте ауыр, кома жағдайында болды. Тынысы, бәрі сақталған. Бірақ науқас сұрақтарға жауап бере алмады. Біз интенсивный палатаға жатқызып, реанимациялық шаралардың бәрін өткіздік. Науқас оттегімен емдеу камерасына жатқызылды. Қазір жағдайы дұрысталды, орташа ауырлықта", дейді қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Қанат ӘБДІРАХМАНОВ.Оқиғадан кейін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жер үйде тұратын тұрғындарға қауіпсіздік шарасын түсіндіру жұмыстарын бастады. Былтыр Алматы облысында 15 адам түтінге уланып, 11-і қайтыс болған. Ал, биыл жылыту маусымы басталғалы облыс аумағында 7 адам улы газға тұншығып, 5 адам өлімі тіркелген.Фотолар автордікі
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00