Талдықорғандағы тағайындау және Елбасына 8-мадақ

Бүгін Алматыоблысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Талдықорған қаласының активіне жаңа әкімдітаныстырды.
Президент әкімшілігінің келісімімен облыс орталығының әкімі боп осығандейін Тараз қаласын басқарған Ғалымжан ӘБДІРАИМОВ тағайындалды. Бұл шешімдіАтланта олимпиадасының қола жүлдегері Мәулен МАМЫРОВ бастаған қалалық мәслихатдепутаттары да бірауыздан қолдады.

Ғалымжан ӘБДІРАИМОВ1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Мамандығы инженер-құрылысшы. Бұғандейін Алматы облысы әкімінің орынбасары (2014-2015ж), Жамбыл облысы әкімініңорынбасары (2017-2018ж) қызметін атқарған. 2018 жылдың сәуірінен бүгінге дейінТараз қаласының әкімі болды.
Амандық БАТАЛОВбұрынғы орынбасарына бірнеше тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, сайлау науқаныбасталар тұста қала тізгінін ұстаған жаңа әкімге артылатын жауапкершіліктің жүгіауыр деген облыс басшысы тынбай еңбектенуге шақырды. Және өз сөзінде Елбасын 8рет мақтады.
Амандық БАТАЛОВАлматы облысының әкімі: «Тұңғыш президент көреген адам. Жанында жүріп оныбайқамау мүмкін емес. Ол кісінің қабылдайтын шешімдері болашақты айқындаптұрады. Алдағы сайлауда Елбасы артқан сенімді ақтауымыз керек. Алматы облысында2 миллионнан астам адам тұрып жатыр. Оларға түсіндіру жұмыстары дұрысжүргізілуі қажет. Сондықтан, жаңа әкімге де барлығымыз үшін де жүктеліп отырғанміндет көп».

Наурыз айыныңсоңында Талдықорған қаласын бір жылға жуық басқарған Дастан ШАЛТАБАЕВҚА қатыстықызметтік тексеріс басталған. Оған Алматыда жол полициясына ұсталған әкімніңұлы себеп болған. Бұл туралы Жас Алаш тілшісі «Шалқып жүрген Шалтабаевтың баласы ма?»деген мақала жариялаған болатын. Облыс әкімдігі хабарлағандай аталған қызметтіктексеріс әлі жүріп жатыр. Ал Шалтабаевқа “колхозник” әкім деп баға бергенАмандық БАТАЛОВ оны өз кеңесшісі етіп бекітті. Бұдан былай ол «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы орталығындағы құрылыс нысандарына жауапты маман болады.
Фотолар автордікі.