Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:15

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев ісі қаралып жатыр

Қасымбаев
Фото: БАҚ

  Алматы облысы, Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Бүгінгі тыңдауда куәгерлер айғақтарын беруді жалғастыруы тиіс еді. Алайда сотталушылар сот залына уақытында жеткізілмегендіктен, процесс уақытша тоқтап қалды. Судья сот отырысына жарты сағаттық үзіліс жариялады.

Осыған дейінгі тыңдаулардың бірінде екінші жәбірленуші Аюпжан Тажиев сотқа қатыспаған болатын. Прокурор тарап оның онлайн байланыс арқылы қатысуын ұсынғанымен, айыпталушылардың адвокаттары қарсы шықты. Жәбірленушіні келесі отырысқа мәжбүрлі түрде жеткізу мүмкіндігі де қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, бүгінгі сот процесіне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сот залына кіргізілмеді. Журналистерге арнайы бөлмеден онлайн режимде бақылауға рұқсат берілді.

Келесі сот отырысында жәбірленушілер мен куәгерлердің қатысуы, сондай-ақ айыпталушылардың уақтылы жеткізілуі басты назарда болмақ.