Талғарда Хасан Қасымбаев ісі бойынша сотта айыптау актісі оқылды

"Хуторлықтар" қылмыстық тобының басшысы атанып жүрген Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр.
Прокурор Ерлан Құланбаев айыптау актісін жариялап, Қасымбаевқа адам ұрлау, ауыр дене жарақатын салу және қорқытып ақша талап ету айыптары тағылғанын мәлімдеді.
2021 жылы Қасымбаевтың нұсқауымен оның адамдар тобы ММА жаттықтырушысы Арман Алимовты ұрып-соғып, көлікке күштеп отырғызып әкеткен. Жолда және ашық далада оны бірнеше рет соққыға жыққан. Салдарынан Алимов ауыр жарақат алған.
Айыптау қорытындысында Қасымбаев пен серіктері кәсіпкер Әріпжан Тәжиевті ұрып, аптека жұмысын жалғастыру үшін ақша талап еткені айтылды. Оны кафе ішінде соққыға жығып, 1 млн теңге беруге мәжбүрлеген.
Бұған дейін Қасымбаевтың серіктері сотталып кеткен. Енді сот куәгерлерді тыңдау кезеңіне өтпек.
Айта кетейік, Қасымбаевтың есімі Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін белгілі болды.
Содан кейін жұртшылық Қасымбаев жетекшілік етеді деген «Хутор» деген қылмыстық топ туралы айта бастады. Х. Қасымбаев туралы Jas Alash youtube арнаcына сұхбат берген Шерзаттың әкесі де айтты. Алайда полиция мұндай топтың бар екенін ресми түрде жоққа шығарды.
Осыған қарамастан, оның үстінен тергеу басталды. Тергеу щілде айында аяқталды. 29 шілдеде прокуратура айыптау қорытындысын бекітіп, істі Талғар аудандық сотына жіберді.