Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:15

Талғарда Хасан Қасымбаевтың соты қашан басталатыны белгілі болды

Қасымбаев
Фото: БАҚ

Бірнеше айып бойынша айыпталған Хасан Қасымбаевқа қатысты сот отырысы 2025 жылдың 20 тамызына белгіленіп, сот отырысы Алматы облысы Талғар аудандық сотында өтеді.

Іске Мадияр Қалымжанов, Данияр Асқаров, Нұрмұхамет Сұлтанбеков, Руслан Әлиев және Сайлау Ақжанов та қатысы бары айтылып жатыр. Істі судья Айнагүл Тукубаева қарап жатыр.

Қасымбаевқа адам ұрлау, ұрып-соғу және бопсалау бойынша айып тағылған.

Қасымбаевтың есімі Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін белгілі болды. Содан кейін жұртшылық Қасымбаев жетекшілік етеді деген «Хутор» деген қылмыстық топ туралы айта бастады. Х. Қасымбаев туралы Jas Alash youtube арнаcына сұхбат берген Шерзаттың әкесі де айтты. Алайда полиция мұндай топтың бар екенін ресми түрде жоққа шығарды.

Осыған қарамастан, оның үстінен тергеу басталды. Тергеу щілде айында аяқталды. 29 шілдеде прокуратура айыптау қорытындысын бекітіп, істі Талғар аудандық сотына жіберді.