Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:51

Талғардың бұрынғы әкімі такси жүргізушісі болып жүр

Арыстанбек Әбілқайырұлы
Фото: ашық дереккөз

Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қазір такси жүргізушісі ретінде жұмыс істеп жатыр.

Бұл туралы экс-әкім журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты:

«Қазір үшінші күн болды, күн-түн демей таксист болып жүрмін. Өз көлігім жоқ. Көлікті жалға аламын. Үйде жатқаным ұят болды. Бала-шағамды асырауым керек. Бұрынғы әкім қазір таксист болып жүр. Түнгі үшке дейін жүрдім. Жоспар бойынша күніне 18 500 теңге жасау керек», – деді экс-әкім.

Еске сала кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы биыл 12 ақпанда денсаулығына байланысты Талғар қаласының әкімі қызметінен отставкаға кеткен еді.