Бүгін, 10:51
Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновтың ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын хабарлады.
Байсуфинов 2025 жылдың қазан айында құрама тізгінін үшінші рет қолға алған. Оның жетекшілігімен Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде бірнеше матч өткізіп, Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ Солтүстік Македония (1:1) және Бельгиямен (1:1) тең түсті.
Айта кетейік, Талғат Байсуфинов бұған дейін ұлттық құраманы 2016-2017 және 2020-2022 жылдары басқарған.
Әр жылдары ол «Есіл-Богатырь», «Ақсу», «Ертіс», «Ақжайық» клубтарының бас бапкері болып, Қазақстан жастар құрамасымен де жұмыс істеген.
Оқи отырыңыз