Талғат Ермегияев түрмеден босап шыға ма?

Бүгін Алматы облыстық сотында АО «Астана ЭКСПО-2017» бас директорының бұрынғы орынбасары Талғат Ермегияевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату (УДО) туралы өтініштің қанағаттандырылмауына қарсы апелляциялық шағымын қарау басталады.
Ермегияевтің мүддесін сотта адвокат Анар Құсайынова қорғайды. Апелляциялық шағым Алматы қалалық соты Ермегияевтің УДО өтінішін қанағаттандырмағаннан кейін берілген.
Қорғаныс тарапында Ермегияевтің босатылуға барлық заңды негіздері бар екені айтылған.
Еске салайық, Талғат Ермегияев – 2011–2012 жылдары Қазақстанның туризм және спорт министрі, 2013–2015 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының төрағасы болған. 2015 жылы маусымда ЭКСПО басшылығынан шеттетіліп, 2016 жылы аса ірі көлемде пара алып, бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шешімімен оның мүлкі тәркіленіп, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мади Ермегияевтің айтуынша, оның әкесі сыбайлас жемқорлыққа қатысудан, мемлекет қаржысын жымқыру схемаларына араласудан бас тартқаны үшін жазаланған.
Экс-министрдің адвокаттары Талғат Ермегияевке тағылған айыптар жалған куәлікке негізделгенін айтады. Олар басты куәгер — «Rona LTD» компаниясының директоры Урал Ибадильдинаның психологиялық жағдайы тұрақсыз болғанын алға тартады. Оның үстіне, ол антикоррупциялық қызметтің бақылауында болып, куәліктерін адвокатсыз және түнгі уақытта берген. Тіпті, куәгер бола тұра, өзі жазған «кінәні мойындау хатында» Ермегияевтың атын атаған.
Қорғау тарабы Ермегияевке шыққан үкімнің күмән тудыратын тұстары бар екенін бірнеше рет айтқан. Олар бұл істің саяси астары барын меңзеп келеді.