Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:03, 13 Желтоқсан 2019

Талғат Рысқұлбеков кімнің жағын айырмақ?

Кешелі бері Қазнетте«жақ айырып, аяқ сындырамын» деген Талғат РЫСҚҰЛБЕКОВ бастаған бір топжелтоқсаншылар «жұлдыз» болып жүр.

Бірақ «Желтоқсан АЙҒАҚ» кітаптарының авторы ТалғатАЙТБАЙҰЛЫ олардың шын мәнінде желтоқсаншы екендіктеріне күмән келдіреді. Оныңсөзінше, елді дүрліктіріп жүрген азаматтардың артында билік тұр.

«Қоқиланып жатқандардың кім екендігіне мән беру керек депойлаймын. Олар шын мәнінде желтоқсаншы болса, ондай әңгіме айтпайтын еді. «Алаңғашықсаңдар аяқтарыңды сындырамын» деп, жалпы желтоқсаншылардың атынан айтыптұрған Талған Рысқұлбеков деген кім? Ағасы Қайрат Рысқұлбеков белгілі,түсінікті, «Халық хаһарманы», желтоқсан құрбаны, ең ауыр жаза алған адам. Талғатоның туған бауыры болғанмен, ол желтоқсаншы емес қой. Желтоқсаншылар алаңға неүшін шықты? Жер үшін, тіл үшін, ұлттық намыс үшін шықты. Сол уақыттан бері жер,тіл мәселесі күн тәртібінен түсті ме? Тіпті күрделеніп кетті ғой. Сонда олардың«16-ы күні алаңға шықсаң қырымын-жоямын» деп айтуға моральдық хақысы бар ма?Желтоқсаншылардың күресі біткен жоқ әлі. Осыдан 33 жыл бұрын шыққан жастардыңталап, тілегі орындалған жоқ әлі күнге дейін. Желтоқсан қасіреті жалғасыпжатыр. Бұның артында билік тұр. Билік қазір қорқып отыр, көтеріліп кетеме деп. Бүгінгіжағдайда 16-ы мереке ме? Қандай мереке? Қаралы күн бұл», — деді АЙТБАЙҰЛЫ.

Желтоқсаншы НұрлыбекҚУАҢБАЕВТЫҢ пікірінше, бұл мәселеге бір жақты қарауға болмайды. Себебі осығандейін экс-банкир Мұхтар Әбілязов желтоқсаншыларды сынап, Талғат Рысқұлбековтыңағасы Қайрат Рысқұлбековты батыр емес деп мәлімдеген. Бұл оның жанына қаттыбатқан.

«Талғат Рысқұлбековты да түсінуге болады. Оның әлеуметтікжеліде барлығы бір жақты қаралап жатыр. Бұл жерде екінші жағын да қарау керек.Ол да көп қиыншылық көрді. Осыған дейін Мұхтар Әбілязов оның ағасы ҚайратРысқұлбековты жоққа шығарды. Ағасы болғаннан кейін, оның барлығы тиеді ғойоған. Осының барлығына қарамастан, Әбілязов 16-ы күні дәл Желтоқсан құрбандарыескерткішінің алдына барып, митинг жасаймын дейді. Осыдан кейін Талғаттанқандай жауап күтуге болады. Сондықтан бұл жерде бір жақты қарауға болмайды. Иә,«аяғыңды сындырамын» деп артық кеткен шығар. Бірақ оны да түсінуге болады», — дейді Қуаңбаев.

Саясаттанушы Дос КӨШІМсөзінше, әртүрлі саяси топтардың ұстанымын билік жақсы пайдалана біледі. СебебіӘБІЛЯЗОВ жақтастарының шыққаны билікке ұнамайды. Сондықтан билік оларға қарсыәртүрлі әрекеттер істейді.

«Әрбір саяси, қоғамдық топтардың өзіндік ұстанымы бар.Билік оны жақсы пайдалана біледі. Біріне бірін айдап салудың түрі сол. Қараптан,қарап, ертең Талғат «мені билік айдап салды» деп айтпайды. Талғат айтады, желтоқсанныңбасталған күні акция көтеріп тұрған адамдар маған ұнамайды, сондықтан оларменің жауым деп айтуы мүмкін. Оның айтуында, әйтеуір ілік бар, дәлел бар. Бұлжерде Талғатты, желтоқсаншыларды билік айдап салып отыр деп те айта алмаймызбұл жерде. ӘБІЛЯЗОВТЫҢ адамдарының шыққаны билікке ұнамайды. Биліккеұнамағаннан кейін, билік оған деген қарсы әрекеттерін істей бастайды. Ол жердежелтоқсаншыларды да, басқаны да салуы мүмкін. Бұл жыл сайын болып келе жатқанмәселе. Бұны түсіндіруді қажет ететін күрделі саяси мәселе деп ойламаймын.Сондықтан бұл жерде адамдардың таңдауы керек, шыға ма, шықпай ма», — дедісаясаттанушы.

Естеріңізгесалайық, кеше Талғат Рысқұлбеков, Гүлбахрам Жүніс, Болат Құрымбаев, ГүлмираМұстафина бастаған бір топ желтоқсанщылар баспасөз мәслихатын өткізген. Жиынбарысында Талғат Рысқұлбеков «16-шы желтоқсан күні алаңғы шыққан азаматтардыңаяғын сындырып, кекілін қайырып, жағын айыратындығын» айтқан. Бұған дейіноппозициялық саясаткер, экс-банкир Мұхтар Әбілязов өз жақтастарын 16-ы күні «Желтоқсанқұрбандарына» арналған ескерткіштің алдына митингіге шығуға шақырған.

Жалпы, ТалғатРысқұлбеков бұған дейін де ел есінде өзінің даулы іс-әрекеттерімен қалған. Ол2010 жылы «президент сайлауына қатысамын» деген оппозициялық саясаткер ВладимирКозловқа жұмыртқа лақтырып, шу шығарған.

Фото: Abai.kz

Тегтер: