Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 13:30

"Талибан" шахматты харам деп танып, Ауғанстанда ойнауға тыйым салды

Шахмат
Фото: fishki.net

 Ауғанстанда билікті бақылауда ұстап отырған "Талибан" қозғалысы шахмат ойынына ресми тыйым салып, бұл интеллектуалдық ойынды шариғатқа қайшы – харам деп жариялады.

 Сонымен бірге, Ауғанстан шахмат федерациясы да таратылды. Бұл шешім ел ішіндегі және халықаралық қауымдастықтағы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.

Тыйымның ресми себебі: «құмар ойын»

Талибан билігінің "Ізгілікке үндеп, бұзақылықтан тыйу министрлігі" мәлімдегендей, шахмат ислам нормаларына сай келмейтін, ал кей жағдайда құмар ойындардың бір түріне ұқсайтын ойын деп танылған. Бұл шешім 9 мамыр күні шахматшылар қауымдастығы Спорт департаментіне федерация жұмысын жандандыру туралы өтініш жасаған соң жарияланған.

Абасин Мохиби, бұрынғы атқарушы директор:
«2021 жылдан бері елде бірде-бір шахмат турнирі немесе жаттығу семинары өткізілген жоқ. Қазір бізге федерация заңды мәртебесінен айырылғаны және шахматқа ресми тыйым салынғаны хабарланды», – деді.

Әйелдерге де қысым күшейіп отыр

Шахматқа тыйым — Ауғанстандағы шектеулердің жалғыз мысалы емес. Талибан билігі әсіресе әйелдер құқығына қатысты қатаң саясат ұстануда:

  • Әйелдерге саябақтарға баруға,

  • Үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге,

  • Бет-жүзін жаппай көшеге шығуға,

  • Қоғамдық пікір білдіруге және тіпті өзара сөйлесуге тыйым салынған.

БҰҰ мен құқық қорғау ұйымдары алаңдаулы

БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі бұл жағдайды қоғамды оқшаулау және азаматтық құқықтарды жүйелі түрде жоюдың бір бөлігі ретінде сипаттап, алаңдаушылық білдірді.