Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:16, 23 Тамыз 2021

Талибанның жүздеген содыры Панжерге бет алды

None
None

«Талибан» қозғалысының өкілі (Қазақстанда террористік деп танылып, тыйым салынған) оның жүздеген содыры Панжерге аттанғанын мәлімдеді.

Панжер — Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы басып алмаған жалғыз провинция, — деп хабарлайды  РИА Новости.

«Жергілікті шенеуніктер бейбіт жолмен берілуден бас тартқан соң, Ислам Әмірлігінің жүздеген моджахеді Панжер провинциясын басып алуға аттанды», — деді «Талибан» өкілі.

Бұған дейін Панжердегі қарсылық тобының жетекшісі Ахмад Масуд провинцияны «Талибан» қозғалысы билігіне беруден бас тартқан. Оның айтуынша, көтерілісшілер радикалдарға қарсы тұруға ниетті. Ол осыған дейін «Талибан» өкілдері келіссөз жүргізуден бас тартқанын айтқан болатын. Масуд, егер «Талибан» халықты билікті мойындауға мәжбүрлейтін болса, онда олар ұзақ уақыт билікте қала алмайтынына сенім білдірді.

Кейін тәліптер Кабулдағы президент сарайын басып алғаны, ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кеткені хабарланған болатын.

Тегтер: