Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:03, 20 Тамыз 2021

Тәліптер әлі түзелген жоқ

None
None

        Қазақтар кезінде Ауғанстанға да, Сирияға да соғысуға барған. Белгілі бір мөлшердегі экстремистік ұйымдар бізде де бар.

Бірақ олар өз ішімізде, тәліптермен етене араластығы жоқ. ҰҚК анда-санда сондай ұйымдарды тауып жатады.

       Ауғанстанға тәліп билігінің келуімен енді бізде де діни насихат  күшейеді. Тәліптер Орталық Азия елдерінің үкіметтеріне қысым жасау мүмкіндігін алу үшін басқаны емес, дін мәселесін қоздыратыны айдан анық. Бұл жерде тәліптердің қандай режим орнататынына байланысты: 90-жылдардағыдай қатаң бола ма, әлде бұл жолы саясаты жұмсақтау бола ма, оны халық қалай қабылдайды дегендей.

       Қазақстанның мәселесі – ауған босқындары. Босқындар қазір Өзбекстан мен Тәжікстан жеріне қарай қашуға тырысуда. Бір бөлігі Қазақстанға келуі мүмкін. Қазақ билігі Ресей мен АҚШ қысымымен босқындардың бір бөлігін қабылдайтыны анық. Бастысы, кейін ол тәліптермен жанжал туындамағаны. Қазақстан Кабулдағы дипломаттарын алып кеткен жоқ. Өйткені жаңа билікпен келіссөз жүргізетіндей мүмкіндік қалдыру керек болды, Қазақстанмен арада туындауы мүмкін жанжалдың алдын алмаса болмайды. Қазақстан бұл жағдайда өзін әдеттегідей бейбіт келіссөздер өтетін бітімгерші тарап ретінде ұсынуға тырысуы хақ.

        Бұрынғымен салыстырғанда бұл тәліптер басқа ма? Рас, тәліптер 2001 жылғы жеңілісінен кейін біраз сабақ алған болар. Қазірдің өзінде қыз балалар мектепке барады, журналистер жұмыс істейді, билікте барлық ұлттардың өкілдері болады дегендей уәделерді беріп жатыр. Оларға да өз билігінің тұрақтылығы керек. Өзімен келіссөздерге келу үшін тәліптер батыс елдерінің алдында өз режимін мәдениетті етіп көрсетуге көмектесетін факторлар бар екенін түсінеді. Бірақ олар тыйым салынған ұйым, олармен әзірге ашық келіссөздер өткізілмеді. Меніңше, бұл талибан да баяғыдай қылышынан қан таматын қатаң режим болады.

  (Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың     orda.kz порталына берген сұхбатынан)

Тегтер: