Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:20, 11 Сәуір 2022

Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

None
None

Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Ақордаға сілтеме жасап.

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1988-1992 жылдары Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1992-1993 жылдары Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист, 1994-1999 жылдары әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары, 1999-2002 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2002 жылдың қыркүйегінен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министр болды. 2008 жылдың қаңтарынан бері — ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған

Тегтер: