Тамырсыз тастағы тарих

ҚазақстанРеспубликасы үкіметінің қолдауымен 2003 жылдың қазан айынан бері жұмыс істепкеле жатқан «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы – елтарихында айрықша орын алатын мәдени-тарихи нысандардың бірі.
«Таңбалы»археологиялық ландшафтының петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еніп, адамзат тарихындағыайтулы жәдігерлердің қатарына енген.
«Таңбалы»мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы қызметiнiң мәнi – тарихи жәнемәдени маңызы бар археологиялық және сәулет ескерткіштерін сақтау, жылжымалы жәнежылжымайтын объектілерін насихаттау, зерттеу, анықтау, сақтау және қорғау. Кешенде ескерткіштер орналасқан аймақ 900 гектар, буферлікзонаны қосқанда, жалпы аумағы 3800 гектарға жетеді.
Аймақта 5000-ға жуық қола, ежелгі темір, орта ғасыр, жаңакезең дәуірлеріне тиесілі петроглифтер бар. Б.з.д. ХIII-ХIV ғасырлардың ортасынан бастап,ХІХ-ХХ ғасырларға дейінгі кең аралықтағы кезеңдермен мерзімделетін қоныстар,қорымдар, ежелгі тас қашау орындары, петроглифтер мен ғұрыптық құрылыстардан (құрбаншалатын жерлер) тұратын ескерткіштер де бай тарихымыздың көне мұрасы. Осығанорай, ашық аспан астындағы ландшафттық мұражай экспозициясының жобалануы менменеджменті айтарлықтай ерекше, әсіресе оның табиғи ортадағы экспозициясы әдеттегімұражай экспозициясынан өзгеше. Сонымен қатар «Таңбалы»қорық-мұражайында алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер түрлерін кездестіругеболады. Бұл жерде ерекше және сирек кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабынаенгізілген Регель қызғалдағы (эндемик Оңтүстік Қазақстанда, Шу-Іле тауларында өседі),Юнона Кушакевича (эндемик Шу-Іле тауларында, Қаратау бөктерлерінде және ҚырғызАлатауында өседі), жетісулық Недзвецкии кекіресі (эндемик дүниежүзі бойынша тек қана Шу-Ілетауларында өседі) бар.
Құстың 24 түрі бар, соның ішінде ҚазақстанныңҚызыл кітабына енгізілген 11 құс түрінкездестіруге болады. Атап айтсақ: бүркіт,ителгі, дала қыраны, бидайық, жылан жегіш қыран, қарақұс, дуадақ., жорға дуадақ,қылқұйрық бұлдырық, қарабауыр бұлдырық, безгелдек.
Қорық-мұражайдың ғылыми-зерттеу және қор сақтау бөлімінің қызметкерлері халықаралық ЮНЕСКО, ИКОМОС ұйымдарыменбірлесіп, «Таңбалы» археологиялық ландшафтының менеджмент жоспарын жасады.
Осы жоспар бойынша туристік маршруттарға абаттандыру жұмыстары жүргізіліпжатыр. Ғылыми-зерттеу жазылып, ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары қайтажаңғырды. Консервациялық жұмыстар аясында 40-тан асаконференция мен жиындар өткізіліп, оның ішінде ЮНЕСКО-ның қолдауымен CARAD бағдарламасы бойынша «жартас суреттерін құжаттандыру»тренингі өткізілді. Тарихи-мәдени мұрағаттың жарқын үлгісі саналатын бұлкешенді әлемнің көптеген елдерінен туристер келіп тамашалайды. Бұл ретте, мәдениетжәне спорт министрлігінің қолдауы ерекше. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұраобъектісі – «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайыныңдамуы үшін келушілер мен шетел азаматтарына арналған Визит-орталығының құрылысынжүргізу, асфальтталған жол салу, сумен қамтамасыз ету, ғылыми жұмыстар менархеологиялық зерттеулерді белсендендіре отырып, инфрақұрылым құру жолымен жағдайтуғызу саласында екіжақты ынтымақтастық шарттарын реттейтін меморандумға министрлікпен Алматы облысының әкімдігі қол қойған. Бұл жұмыстар да өз ретімен іске асыпкеле жатқан берекелі шаруа. Визит-орталық құрылысын жүргізугемемлекеттік бюджеттен 535 миллионтеңге бөлініп, құрылыс жұмыстарыбасталып кетті.
Мұражайдың ғылыми қызметкерлері Алматы облысы Қарасай ауданы Еңбекші ауылының маңындағы ортағасырлық қаламен осы аймақта орналасқан Шамалған ауылындағы ортағасырлық Керуен сарайына алғашқы тексеру (шурф) қазба жұмысын жүргізді. Нәтижесінде Еңбекші ауылындағы қала сол заманда тоналып, кейіннен арнайытехникамен сүріліп, мәдени қабаты мен тарихи жәдігерлері толықтай қиратылғандығыанықталды.
Шамалған ауылындағы Керуен сарайысол замандарда тонауға ұшырап, толықтай бұзылып өртенгені белгілі болды. «Таңбалы»қорық-мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері Ұзынағаш ауылының маңынанкөне түркі дәуірін қамтитын (VІ-ХІІғ.) жерлеу орнына археологиялық қазба жұмысынжүргізді. Нәтижесінде салт атты адамның жерленгені анықталды. Табылған тарихи жәдігерлерархеологиялық сараптау орталығына жіберілген.
Мұражайдың ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің Жетісу өңірі, оның ішіндеЖамбыл ауданы аймағына жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша «Ежелгі Жетісу.Жамбыл ауданының археология ескерткіштері» атты жинақ және «Таңбалы» фотоальбомы жарық көрді. «Таңбалы»қорық-мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлеріөңірді зерттеу шаруаларына өте белсенді араласады. Бельгиялық ғалым ЛюкХерманнмен бірлесіп, Жамбыл ауданының Ақтерек, Құлжабасы, Басбатыр шатқалдарындағытарихи ескерткіштерге археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесі де көңілқуантарлық. «Құлжабасы сілемінің жартас өнері» атты үш тілдегі фотоальбомы жарыққа шықты.
«Таңбалы»қорық-мұражайы этноауыл құру арқылы көне дәуірден сыр шертетін тарихи-мәдениқұндылықтарымызды қазіргі заман талабына сай жоғары деңгейде насихаттап,отандық және шетелдік туристерге сапалы қызмет ұйымдастыру мақсатындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасыныңгрантын (13 597 500 теңге)жеңіпалды.
Ол қаржыға этноауылға қажетті алты қанатты бес киіз үйсатып алынып, Қарабастау шатқалындағы күзетшілерүйін және этноауылды электр қуатымен жабдықтау үшін 5 киловаттық күнжәне желден қуаттанатын электр станциясы орнатылды. Біріккен Ұлттар Ұйымыныңдаму бағдарламасы бойынша қонақтар мен туристерді қабылдауға арналған этноауыл қазір өз жұмысын жүргізіп отыр.
Мәдениет және спорт министрлігінің шешімімен Іле өзені бойындағы сиреккездесетін петроглифтер орналасқан «Ортағасырлық Таңбалы тас» археологиялықескерткіші заңда белгіленген тәртіппен«Таңбалы» қорық-мұражайының басқаруына берілген. «Ортағасырлық Таңбалы тас» археологиялықкешеніне сенбілік жұмыстары жүргізіліп, қажетті ақпараттық тақтайшалар (схема, қорғауаумағы т.б.), белгілер, қоқыс тастайтын жәшіктер, беседка орнатылып, туристік маусым бойы мұражай қызметкерлерітарапынан арнайы кесте бойынша кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылған.
«Таңбалы» қорық-мұражайы тек тарихи зерттеулерді жазып қоймай, оны халыққажеткізіп, ғылыми айналымға енгізуде де іргелі істер атқарып отыр. Мәдениет жәнеспор министрлігі мен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи- мәдени және табиғи қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолы бойындағы Орталық Азия: Ежелгі заманнан қазіргі кезеңгедейінгі мәдениеттер мен діндер үндестігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және «Мәдениетаралықкоммуникация және Орталық Азия петроглифтері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру мақсатында мұражайжанынан ғылыми кеңес құрып, тұрақты түрде атқарылған жұмыстарды ғалымдар талқысынасалып отырамыз.
«Жетісу петроглифтері» атты танымдық экспедиция жұмысыныңекінші кезеңі бойынша жинақталғанматериалдар сараланып, «Жетісудың жартас өнері» атты үш тілдегі фотоальбомды дайындап, баспағажібергелі отырмыз.
Жетісу жеріндегі бұл тарихи мекенге келетін туристердіңсаны да жылдан-жылға артып келеді. 2018 жылы 4520 отандасымыз тарихпен танысуғакелсе, биыл 5199 адам тарихи мұражайға ат басын бұрыпты. Ал шетелден 2018 жылы– 1160, биыл 2568 турист Таңбалыға қызығушылық танытқан.
Тамырсыз тасқа тарих жазып қалдырған байырғы бабалардан қалғанмол мұра жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға асып, ұрпақ санасына жете береді.
Жылбек Тоқтасынов,
«Таңбалы» қорық-мұражайының ғылыми қызметкері