13:42, 21 Мамыр 2021
Танымал актер «Фара» – Фархат Әбдіраимов көз жұмды

Актер Фархат Әбдіраимов қайтыс болды. Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, актер Грузияда жан тапсырған, деп хабарлайды inbusiness.
kz. «Грузияда фильмнің түсірілімі барысында белгілі актер әрі жақсы адам Фархат Әбдіраимов көз жұмды. Қаңтарда ол 55 жасқа толған еді», — деп қаралы хабар таратты министрліктің баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрлігі де бұл ақпаратты растады. Алдын ала берілген мәліметке сәйкес, актердің жүрегі тоқтап қалған.