Тараз маңында жарылған қоймаға оқ-дәрі Арыстан жеткізілген
Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында шыққан өрт сол жерде сақталған тротил жануынан туындауы мүмкін, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Қорғаныс министрлігі өкілдеріне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, өрт динамикасы инженерлік оқ-дәрілердің жануына тән. Аспандағы іздерге келетін болсақ, олар қоймада сақталған сигналдық картридждердің өртенуіне байланысты болуы мүмкін.
«Айта кетейік, Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін бұл қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі жеткізілген. Бұл оқ-дәрілер жергілікті жарылыстарға арналған және алыс қашықтықтағы снарядтармен жабдықталмаған», — делінген ведомство хабарламасында.
Қазірде Жамбыл облысына ұшақпен қорғаныс министрі, төтенше жағдайлар министрі және қорғаныс ведомствосының комиссиясы келді.
Еске салайы кеше кешкісін Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр.