Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
03:36, 16 Қазан 2020

Тараз қаласы әкімінің орынбасарына сыйлық алғаны үшін сөгіс берілді

None
None

Тараз әкімінің орынбасары Алмас Садубаев туған күніне сыйлық алғаны үшін сөгіс алды, деп хабарлайды «Жас Алаш» Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысының Этика кеңесі Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевқа қатысты тәртіптік істі қарады. Бұған дейін әлеуметтік желіде кабинетінде отырған Садубаевтың сыйлық алғандағы әсері түсірілген видео тарап кеткен еді», — деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, қазіргі заң бойына мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуы тәртіп бұзушылық саналады.

Тегтер: