Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:02, 26 Тамыз 2021

Таразда көліктің барлық түріне жол жабылды

None
None

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыстарға байланысты жолдарға шектеу қойылғаны туралы мәлімдеді.

«Байзақ ауданы Жаңатұрмыс кентіндегі Қорғаныс министрлігі 28349 әскери бөліміндегі жарылыстаға байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тасжолының 476-шы шақырымында жол қозғалысы шектелді. Қазіргі уақытта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс Тараз жағынан 505-ші шақырым және Ақшолақ кенті тарапынан 474-ші шақырым (Жібек жолы бұрылысы) жабылды, қозғалыс жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолында ашық», — деді министрліктегілер.

Ал «Жас Алашқа» «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі жіберген мәлімет бойынша, Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі Тараз-Луговое учаскесінің жұп және тақ жолдары теміржол желісінен 250-300 метр қашықтықта орналасқан әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрілердің жарылуынан барлық пойыздар  қозғалысы үшін жабық.

Тараздан оқиға ошағынан 8-10 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ станциясына өрт сөндіру пойызы келді. Шу станциясынан да өрт сөндіру пойызы да жіберілді.

Жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

 Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда бағытындағы №75 және Маңғыстау – Алматы-2 бағытындағы №78 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды.

Тегтер: