Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:00

Таразда мейрамханадағы өрттен 100-ге жуық адам эвакуацияланды

Өрт
Фото: БАҚ

Тараз қаласында Жамбыл даңғылы бойында орналасқан мейрамханалардың бірінде өрт шығып, мерекелік кеш кезінде шамамен 100 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Өрт мейрамхананың жазғы қосалқы ғимаратында тұтанған. Оқиға орын алған сәтте мекемеде көп адам болған. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына жедел жетіп, адамдарды дер кезінде сыртқа шығарды.

Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өрт қысқа уақыт ішінде оқшауланып, жалынның негізгі ғимаратқа және жақын маңда орналасқан жанармай құю бекетіне таралуына жол берілмеген.

«Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт шамамен 300 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді Тараз қаласы ТЖ басқармасының бастығы Ербол Амиров.

Құзырлы органдар оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын бастап, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталу деңгейін зерттеуде.

Тегтер: