Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:15, 12 Шілде 2024

Таразда мүмкіндігі шектеулі 175 адамға негізсіз салық салынған

g
Фото: pixabay

Тараз қаласында мүгедектігі бар 240 адамға санаторий-курорттық емдеумен және протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Сондай-ақ, биыл жұмыссыздық бойынша есепте мүгедектігі бар 86 адам тұрғандығына қарамастан, тек 15 жұмыс орнына квота белгіленген.

Одан бөлек, салық органдарымен мүмкіндігі шектеулі салық төлемдерінен босатылған 175 азаматтан жалпы сомасы 889 мың теңге құрайтын мүліктік салықтар негізсіз ұсталған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың инфрақұрылым және көлік объектілеріне қол жеткізуіне байланысты бірқатар басқа да кемшіліктер анықталған.

Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етілді, арнайы құралдарды жеткізетін мердігерлерді анықтау бойынша конкурс ұйымдастырылып, сондай-ақ заңсыз ұсталған төлемдер қайтарылуда, деді Жамбыл облысының прокуратурасы.

Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Тегтер: