Таразда өз баласын ұрған әйелге қылмыстық іс қозғалды
Полиция анаға қатысты «ата-ана міндеттерін орындамау» бабы бойынша іс қозғады.
Дәрігерлер балаға тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады. Әйел полиция бөліміне жеткізілді.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті анаға қатысты ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қарастырып жатыр. Шешімді кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қабылдайды.
Айта кетейік, 27 қаңтарда Жетісу облысының Панфилов ауданындағы Нұркент ауылында 4 жасар баласына қатыгездік көрсеткен әйел қамауға алынды.
Әлеуметтік желілерде тараған видео қоғамда үлкен резонанс тудырғаннан кейін сот күдіктіні тергеу изоляторына қамауға санкция берді.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі («Азаптау», «Истязание») бойынша тергеліп жатыр. Аталған бап бойынша төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.