10:00, 11 Сәуір 2023
Таразда қоғамдық қор құрған қылмыстық топ жетекшісі ұсталды
Таразда ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Жамбыл облысы полиция департаменті мен ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ұзақ мерзімді әзірлеу және жедел-тергеу іс-шараларының кешені барысында тұрақты негізде әрекет еткен қылмыстық топтың жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін ведомствоның жедел қызметкерлері назарына бірнеше рет бопсалауға, қылмыстық текетірестерге, қала мен облыс аумағындағы кәсіпкерлерден қарыздарды қайтаруға қатысқан топ түскен болатын. Қылмыстық топтың жетекшісі соңғы кездері өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, жастарды тәрбиелеу жөніндегі патриоттық қозғалыстың атын жамылып "қайырымдылық қоғамдық қорын" құрған.