15:47, 03 Шілде 2024
Таразда су ресурстары мамандарын дайындайтын Ұлттық университет ашылады
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Тараз өңірлік университетінің базасында Жамбыл облысындағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бозымбаевтың айтуынша, университетке Ұлттық мәртебе беріледі, ол тек су ресурстары мәселелеріне мамандандырылады.
Оқытушылар құрамына шетелдік ғалымдар да кіреді. Еуропа, Қытай, Ресей және АҚШ университеттерімен жаңа ЖОО-мен серіктестік туралы келіссөздер жүргізілуде. Талапкерлерді тарту үшін білім беру гранттары көзделеді, деді ол.
Университет қыркүйек айында өз есігін ашуы мүмкін.