Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:21, 08 Тамыз 2019

Таразда «Тектұрмастан» «Шахристанға» дейін аспалы жол салынады

Таразда«Шахристан» тарихи кешенінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Ол Жамбыл облысының 80жылдығына орай пайдалануға берілмек.

Руханижаңғыру бағдарламасы аясында салынып жатқан кешенде өлкетану мұражайы, көрмепавильоны, «Руханият» орталығы, көркемдік бейнелеу өнерінің галереясы, қолөнершеберлерінің галереясы, «Ретро-фестиваль» амфитеатры бой көтереді. Кешенніңқұрылысын кестеге сәйкес «Өмірзақ» ЖШС және «КДСМ» ЖШС екі ауысымда қарқындыжүргізуде.

Осынысандармен қатар, этно-тарихи кешеннің абаттандыруы мен инженерліккоммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстарын іске асыру ағымдағыжылы жоспарланған.

Қаланыкөркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, осы жылы Төле би даңғылы бойыменСыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі сквері, жаяужүргіншілер аймағы мен аллеясы (арбат) және  «Мамыр» саябағын абаттандырумен «Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласыорнатылады деп жоспарланып отыр.

Жалпы,кешен аумағы 200 гектарға созылып жатыр. Болашақта кешен аумағынакөркемсурет галереясы, облыстық өлкетану мұражайы, 700-800 орындық амфитеатр,көрме залы және «Руханият» орталығы салынады деп күтілуде. Қазіргі таңда мұндатиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері Тараз қаласын түлетудің тыңжолдары қарастырылып, тиісті ұсыныстар енгізілуде. Екі мың жылдан астам тарихыбар көне қаланың сәулеттік келбетін арттыруға бүгінде тиісті мекемелердің бәріде атсалысып жатыр. Айталық, Тараз қалалық сәулеттік бюро мекемесіне қалаішінен бой көтеретін нысандардың нобайын сызып, сұлбасын дайындау жүктелген. Бюробасшысы Арман Әбдешов қазіргі уақытта «Шахристан» этномәдени орталығыныңжобасына ерекше мән беріліп отырғанын жеткізді. Сондықтан да аталған орталықтың құрылысы күзге дейін аяқталатынболады.

Сонымен қатар,болашақта «Көне Тараз» кешені мен «Шахристан» этномәдени орталығы қосылмақшы. Сол екі нысанныңарасынан бір шақырымға созылатын арбат құрылысы жүргізіліп, шаһар көркінарттыруға ерекше серпін береді. Бұдан бөлек, «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде«Көне Тараз» стансасы салынып, аспалы жол тартылады деп жоспарлануда. Аспалыжол «Тектұрмас» кешенінен «Шахристан» орталығына дейін созылатын болады. Мұныңбәрі де көне Тараз шаһарының тарихын білгісі келген туристерге жасалған жақсыжағдай болып есептеледі. Бұл орайда Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасыныңбасшысы Қарлығаш Аралбекова алдағы уақытта «Шахристан» орталығында 60 шақтышеберхана орналасқан қолөнершілер қалашығы пайда болатынын айтты.

Жалпы,«Шахристан» кешенінқайта түлетуге арналған жаңғырту шараларын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланыпотыр. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік Әулиеата жеріне келетін туристердіңқатарын биыл 400 мыңнан асыруға барынша күш салуда. Қалалықәкімдіктің мәліметінше, қазіргі таңда аталған бағытта 50-ге жуық кәсіпкерлікнысан арнайы тіркеуден өтіп, қызмет көрсетуге әзір екен. Сондай-ақ, жуырдаТараз қаласындағы «Төрткүл» тарихи кешені маңынан бірегей «Қазақ ауылы»этножобасы да бастау алып, көптің қызығушылығын тудырғанеді. Ол үшін Таразқаласынан 12 арнайы туристік бағыт әзірленіп, қонақтарға ыңғайлы жағдай туғызумақсатында 33 туристік орталық арнайы мобильді қосымшаға егжей-тегжейлітүсіндіріліп, енгізілген. Ол жерден барлық қажетті мәліметтерді QR код арқылыбес тілде алуға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, олқосымшада Жамбыл облысында қызмет ететін 178 қонақ үй мен 300-ден астамтамақтану орнының және көлік тасымалының сызбасы, ақша айырбастау пункттері ментуристік агенттіктердің тізімі, бағалары жасақталған.

Тегтер: