Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:05

Таразда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

2
Фото: ашық дереккөз

9 наурыз күні кешкі сағат 20:00-ден кейін Тараз қаласында қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалғаны туралы полицияға хабар түскен. Оқиға №11 қалалық автобус ішінде болған.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, мас күйдегі жолаушы маршруттың жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан жүргізушіден жолды жалғастыруды талап еткен. Соның салдарынан жанжал шығып, төбелес кезінде жүргізушіні пышақтаған.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады ведомство.

Зардап шеккен жүргізуші қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Бұған дейін Алматыда да бір ер адам қалалық автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, көліктің әйнегін сындырғаны хабарланған еді. Полиция күдіктіні ұстаған.

Тегтер: