Тараздағы қант зауытын ресейлік кәсіпкер сатып алды (ВИДЕО)

Тараз қант зауытын ресейлік компания сатып алған. Бұл туралы Atameken business телеарнасында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.
Бұл зауыт Қазақстанда жұмыс істеп тұрған төрт зауыттың бірі болып табылады, ол елдің қантқа деген сұранысының тек жартысын ғана қамтамасыз етеді.
Басылым атап өткендей, аталған компания Ресейдегі ең ірі қант өндірушілердің бірі. Ол Forbes тізіміне енген кәсіпкер Павел Демидовке тиесілі. кейінгі бір жылда оның байлығы 14 миллиард рубльге бағаланған.
Еске салайық, Қазақстанда небәрі төрт қант зауыты бар. Өткен жылы қант тапшылығы мен өнімнің қымбаттауы кезінде бұл зауыттар ел қажеттілігінің жартысын ғана қамтамасыз етті.
«Қазір біз субсидияларды 25 теңгеден 40 теңгеге дейін арттырдық. Бұл облыста жасаған жалғыз нәрсеміз. Қазақстандағы қант зауыттары жекеменшік. Біз оларға ерекше қолдау көрсетпейміз», – деді Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Бұған дейін Жамбыл облысында су тапшылығы мен суару мәселесіне байланысты жергілікті шаруалар қант қызылшасының 10 мың гектар алқабын жоғалтқан.
ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бұл жағдай баға саясатына қалай әсер етеді және қазақстандықтар күзде қант құнының қымбаттауын күту керек пе дегенге пікір білдірді.
«Қант бағасының өспейді деп ойлаймын. Бірақ, бұл орын алса да, қазақ нарығымен байланысы болмайды. Бұл отандық зауыттарды қолдау мақсатында үкімет болып қабылдайтын шешімге байланысты болмақ. Немесе бұл бүгін Ресей нарығында қандай да бір процесс болады», — деді Жұманғарин.