Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:06

Тараздың екі тұрғыны Ресейде диверсия жасады деген күдікпен қамауға алынды

қылмыс
Фото: ашық дереккөз

Ресейде Қазақстанның екі азаматы диверсия жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ленинград облысындағы Ломоносов аудандық соты 2006 жылы туған екі қазақстандыққа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер Тараз қаласының тұрғындары, қылмыс жасалған кезеңде Санкт-Петербургте тұрған. Құқық қорғау органдарының пайымдауынша, олар ауыр қаржылық жағдайға тап болып, тұрақты табысының болмауына байланысты ақшалай сыйақы үшін тапсырма орындауға келіскен.

Тергеу нұсқасы бойынша, «кураторлар» деп аталатын белгісіз адамдардың нұсқауымен қазақстандықтар 40 мың рубльге (шамамен 260 мың теңге) Ленинград облысының Ломоносов ауданында орналасқан ұялы байланыс операторларының біріне тиесілі базалық станцияның тарату қалқанын өртеген.

Күдіктілер оқиға орнынан қашпақ болған сәтінде, таксимен кетуге әрекет жасаған кезде ұсталған.

Аталған дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Тегтер: