Таразға қала маңындағы екі аудан қосылады
Байзақ және Жамбыл аудандары аумағы Тараздың құрамына енеді. Қаланың бас жоспарын үкімет бекітсе, 44 мыңнан аса ауыл тұрғыны қалалық болады, — деп хабарлайды Жас Алаш 24kz сайтына сілтеме жасап.
Қала 30 мың гектарға дейін ұлғайып, 2025 жылға қарай екі әкімшілік орталыққа бөлініп, оларда бөлек әкімдіктер құрылады деп жоспарланған. Қаланың ұлғаюы жаңа үш шағынауданының құрылуына мүмкіндік береді. Олардың құрылысын бастау 2023 жылдың аяғына жоспарланған. 14 елді мекенді қала құрамына енгізу жоспарланған.
«14-шағынауданда 64 көпқабатты үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл негізінен коммерциялық тұрғын үй болмақ, яғни 7-ден 12 қабатқа дейін. Сонымен қатар, жаңа мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Көбірек сауда орталықтары, спорт орталықтары және спорт алаңдары, денсаулық сақтау нысандары мен коммерциялық нысандар.
Биыл алғашқы үйлерді салуды жоспарлап отырмыз. Бүгін аукционға құжаттарды дайындап жатырмыз, яғни сол жерге инвестор тартқымыз келеді», — деді Тараз әкімі Бақытжан Орынбеков.