Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:21, 10 Мамыр 2020

Тарихи жад мәселесі талқыланды

Абай атындағыҚазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтына қарастыакадемик Т.

Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының жас ғалымдары менпрофессор-оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тарихи жадының поэтикасы менбірегейлігі» тақырыбында халықаралық онлайн-вебинар өтті. Вебинарға университеттіңғылыми істері жөніндегі проректоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі  А. Құлсариева, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнологияинститутының бас ғылыми қызметкері,  тарих ғылымдарыныңдокторы, профессор Ж. Абылхожин, кафедра меңгерушісі тарихғылымдарының докторы Б. Жанғұттин және шетелдік ғалымдар қатысты.

 Вебинардың мақсаты – Қоғамдағы тарихи жадтыңақпараттық матрицасын әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен талдау. Вебинар барысында профессор Ж.Абылхожин, кафедраның PhD-докторанттары  И.Крупко мен Б.Қалиева «тарихи жад» мәселесіне қатысты тың көзқарастарды ортағасалып, талқылауға ұсынды.  Шетелдік PhD–докторант  Нестор Маничкин кубалық рухани қуыршақтардыңэтномәдени жадысы мәселесін сөз етті. Кафедра доценті  Т.Далаева «Ащысай-Кентаутұрғындарының естеліктеріндегі әлеуметтік-мәдени кеңістік: Бірегейлік құрылысы»тақырыбын қозғап, тұрғындардың сұхбатымен анықталған мәліметтерді жүйеледі.

Осы орайда, вебинардыңбірнеше ерекшелігін айта кеткен жөн. Біріншіден, вебинар әлемді дүрліктіргенкоронавирус кезінде онлайн режимінде ұйымдастырылды. Демек, жоғары оқуорындарының, соның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары кенеттен туған сын-қатерге төтеп бере алатындарын дәлелдеді.Кафедра оқытушылары абдырауға жол бермей төтенше жағдай жарияланған алғашқыкүннен оқу үдерісін онлайн қамтамасыз етумен қатар, ғылыми мәселелердіталқылаудан да тыс қалып отырған жоқ.

Екіншіден, вебинар – университеттің жаңашыл бастамасының көрінісі. Былтырғы жастар жылыаясында университет басшылығы магистранттар, докторанттар мен жас оқытушыларарасында ғылыми жобалардың конкурсын ұйымдастырып, жеңімпаздарға қомақты қаржыбөлген еді. Міне, осының арқасында «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихнамалық дискурсындағы тарихи жадыныңбірегейлігі мен поэтикасы» гранттық жобасы жүзеге асырылуда.  Өркенді дәстүр мен жаңашылдық жалғасабереді. 

Гүлшат Нұрымбетова,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы,

саяси ғылымдарының докторы, профессор

Тегтер: