Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:39, 12 Қаңтар 2024

Тарихтағы ең ыстық 2023 жыл әлем елдері үшін несімен есте қалды

ыстық жыл
Фото: из открытых источников

2023 жылы температураның күрт жоғарылауы ғаламшардың әр бөліктерінде нелерге әкеліп соқты. 2023 жыл ресми түрде 1850 жылдан бері рекордтық ең ыстық жыл болды. Бұл туралы Еуропалық Одақтың Климаттың өзгеруі жөніндегі қызметі Copernicus (C3S) хабарлады. Орташа алғанда, өткен жылы планета 1850-1900 жылдармен салыстырғанда 1,48°C жылы болған.

2023 жылы әртүрлі елдерде температура рекордтары тіркелді. Мароккода – 50°С, Испанияда, Грецияда, Италияда – 45°С. Ресейдің Екатеринбург қаласында ауа температурасы 40°С-қа жетті. Аризона штатының Феникс қаласында аптап ыстық 31 күн қатарынан 43°C-тан жоғары болды.

ыстық
Фото: из открытых источников

 

Қатты дауыл, жел мен құрғақшылық кезінде тұтанған Гавайидегі өрттен кем дегенде 97 адам қаза тапты. 

ыстық
Фото: из открытых источников


Ыстық пен жауын-шашынның аздығынан Перу мен Боливияның шекарасындағы Титикака көлі Оңтүстік Америкадағы ең үлкен және әлемдегі кеме қатынасы үшін ең таяз көл болып қалды.
Сәуірден қарашаға дейін су деңгейі 70 сантиметрден төмен болды. 

гавай
Фото: из открытых источников

 

2023 жылдың сәуірінде ыстыққа байланысты Испанияның оңтүстігіндегі Сьерра-Бойера су қоймасы құрғап қалды. Ол ондаған мың жергілікті тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етіп тұрған еді.

ауыз су
Фото: из открытых источников

Қыркүйектің соңында Бразилияның Тефе көлінде 120 амазониялық дельфин өлі табылды. Ғалымдардың айтуынша, олардың өліміне судың 39°С-қа дейін қызуы себеп болуы мүмкін.

дельфин
Фото: из открытых источников

Канадада өткен жылы жүздеген өрт 18,5 миллион гектар орманды өртеп жіберді. Түтін АҚШ қалаларына, соның ішінде аспан қызғылт сары түске боялған Нью-Йоркке де жеткен.

Нью-Йорк
Фото: из открытых источников

140 жылдағы ең қатты жауын Қытайда шілде айының аяғында болған «Доксури» тайфунынан кейін болды. Миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Тайфунның алдында рекордтық ыстық болды: Қытайдың солтүстік-батысындағы қалалардың бірінде ауа температурасы 52°С-қа дейін көтерілді.

қытай
Фото: из открытых источников

Еуропадағы жаздың қалыптан тыс аптап ыстығы мұздықтардың, соның ішінде Италиядағы Аоста алқабындағы Рутор мұздығының еруін жеделдетті.

мұздық
Фото: из открытых источников

Швейцарияның Альпі тауларында ауа температурасының көтерілуі тау шаңғысы курорттарының жұмысын жартылай тоқтатуға әкелді. Лейсін ауылының ауасы қаңтар айында 20°С-қа дейін жылыды.

альпі
Фото: из открытых источников

 

Тегтер: