Тасмағанбетовтің онына ҰҚШҰ-ның жаңа басшысы сайланды
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ОДКБ) басшысы ауысады. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков брифинг барысында мәлімдеді.
Қазіргі Бас хатшы Иманғали Тасмағанбетов өз өкілеттігін тоқтатады. Оның орнына ұйымның Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалмақ.
Юрий Ушаковтың айтуынша, кадрлық ауысым алдын ала келісілген:
«Оны секретариат басшысы ретінде Масадыков алмастырады деп шешілді. Қазір ол ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары. Сондықтан жаңа қызметке біртіндеп, еш қиындықсыз кіріседі деп ойлаймыз», - деді ол.
Бас хатшыны алмастыру рәсімі қайда өтеді
ОДКБ құрылымындағы өзгерістер ресми түрде 27 қарашада Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында бекітіледі.
Саммит барысында Иманғали Тасмағанбетов халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, ҰҚШҰ-ның аралық кезеңдегі жұмысының негізгі нәтижелері туралы арнайы баяндама жасайды.
Тасмағанбетовке марапат табысталады
Барлық рәсім аяқталғаннан кейін ұйым Бас хатшысы қызметінен кетіп жатқан Иманғали Тасмағанбетовқа ҰҚШҰ-ның I дәрежелі Құрмет белгісі салтанатты түрде табысталады.