Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:45, 11 Мамыр 2023

Татар-башқұрт тәуелсіздігіне төте жол

None
None

Януш Бугайски атты Ресей жөніндегі америкалық сарапшы СССР-дің ыдырайтыны туралы сексенінші жылдары-ақ кітап жазған екен.

Енді Ресейдің ыдырайтыны жайында тағы бір кітап шығарыпты. Ол кітаптың аты – «Failed State: A Guide to Russia’s Rupture». Орысша аудармасы – «Несостоявшееся государство. Путеводитель по распаду России».

Осы кітабында Януш Бугайски Ресейдің сөзсіз ыдырайтынын, ыдырауды Татарстан мен Башқұртстан бастайтынын атап айтқан екен. Оның өзінде ыдырау оншақты жылға созылады дейді. Одан да тез, немесе одан ұзағырақ уақытта болуы мүмкін екенін де ескертеді. Тек бір анығы – бұл үдеріс Татарстан мен Башқұртстаннан басталатыны.

Бірақ бұл екі республика қазір Ресейдің қоршауында тұншығып тұр. Тәуелсіздік алу үшін тағы бір елмен шекараласуы тиіс. Татар мен башқұрттың тұйыққа тірелер жері – осы.

Осы тақырыпта Хелен Фоллер атты тағы бір сарапшы саясаткер «Азаттық» радиосы, татар-башқұрт қызметінің «Idel.Реалии» интернет-шығарылымы тілшісімен болған әңгімеде тілге тиек еткен екен.

Хелен Фоллер бұл туралы «Нация. Язык. Ислам. Движение Татарстана к суверенитету» атты кітап та жазыпты. Демек ол айтары бар саясаткер болғаны.

«Азаттық» тілшісі Рамазан Алпауыттың: «У Татарстана нет внешних границ. Это один из аргументов против независимости этой республики. Как вы считаете, это может быть причиной того, что Татарстан предпочтет остаться в составе России?» деген сұрағына: «Нет, я думаю, что скоро у Татарстана будут внешние границы. И есть те, которые вне страны этим занимаются» деп, дұрыс жауап беріпті (https://www.idelreal.org/a/32372271.html?fbclid=IwAR3U31A0AWgkBWMi1S-t2UKhXmfkJWjSsMvdFrPFkgZEExeTZFUA6LgtxfI).

Хелен Фоллер ханым айтқандай, бұл мәселемен сырт жерде айналысып жатқандарға Татарстан мен Башқұртстанның Ресейден басқа екінші бір мемлекетпен шекараласуының тарихи негізі бар екенін, ол негіз Орынбор облысы екенін еске сала кеткен жөн. Үміткер осы екі елдің маңайындағы басқа қазақ аймақтарын айтпағанда Орынбор 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болған байырғы қазақтың жері. Бұл әрине күллі жұртқа тарихтан белгілі жай.

Сондықтан бұл мәселе тым болмағанда Орынбор өлкесі Қазақ еліне қайтарылған жағдайда өзінен-өзі шешіледі де қалады. Татарстан мен Башқұртстан екінші бір мемлекетпен, яғни Қазақстанмен шекараласады да, оп-оңай Тәуелсіздікке қол жеткізеді.

Бұны біздің билік басындағылар ойламай жүрмеген шығар. Ойлап жүрген болар.

Тегтер: