Татулықтың түпқазығы қайда?
Қай дәуір, қай ел болсын, ең алдымен мемлекеттің тыныштығын басты орынға қояды. Қазақстан сияқты көп этносты елдер үшін ұлт өкілдерінің береке-бірлігі басты құндылық болуы заңдылық.
«Берекесі қашқан елді дау да алады, жау да алады» деген халық даналығы бар. Сондықтан да біздің мемлекет Қазақстанға әртүрлі жағдаймен келген, тұрақтап қалған, ұрпақ өсіріп отырған этнос өкілдерінің ынтымақты болуын үнемі қадағалап отырады. Осы бағытта әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар жасап, Қазақстан Халқы ассамблеясы сияқты ұйым құрып, үлкен жұмыс жасап отыр. Арнайы саясат, арнайы бағдарлама, арнайы жобалар жасалған. Бұл әрине кейбір мемлекеттерге үлгі. Әсіресе, ұлтаралық қайшылық үзілмейтін елдер үшін Қазақстан ұстанған бағыт, жүрген жол, Қазақстан Халқы ассамблеясы сияқты идеялар өте қажет!
Қазақстан 130 ұлтқа Отан болып отырған ел. Осыншама этнос өкілдерінің басын қосып, береке бірлікті ту етудің қандай құпиясы бар? Осы сұрақтарды көп ұлтқа үлгі болып жүрген азаматтар мен қоғам қайраткерлеріне қойдық.
Қазақбай Қасымов Қазақстанның береке-бірлігінің құпиясы мемлекеттің ұстанған саясатында дегенді айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда өмір сүрген ұлт пен әртүрлі ұлыстардың, этнос өкілдерінің арасында қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың, береке бірліктің қаймағы бұзылмаған. Сондықтан тұрақтылықты сақтап, дамудың даңғылына түскенбіз.
Ел бірлігінің басты құралы, тәуелсіздігіміздің тұғыры – ұлтаралық татулық пен этносаралық ынтымақ. Тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мәңгілік болу үшін тәуелсіздікті қадірлеп, ұлтаралық татулықты көздің қарашығындай қорғаумыз қажет! Ол үшін бізге, әрине бірлік керек!
Қазақбай ағаға Қазақстан Халқы ассамблеясының атқарып жатқан жұмысы туралы сұрадық. Ол Ассамблея құрылған жылдардан бергі шежірелердің бәрін жадынан шығармапты. Мәселерн, 1995 жылы құрылған ҚХА-ның І сесссиясында Мемлекет басшыларының не айтқаны туралы да әңгімеледі. Ассамблея аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Қазақстан атын алты құрлыққа асырып отырған құндылық – ҚХА-ның жұмысы: татулық пен бірлік екенін атап айтты. ҚХА Қазақстан үшін идеологиялық бренд дегенді де сөз арасына қыстырып өтті.
Ассамблея мүшесі ҚХА аясында жасалған жұмыстардың бірқатарына тоқтала келіп, этносаралық қарым қатынасты зерттеудің құқықтық әрі заңнамалық базасы құрылғанын жеткізді. ҚХА-ға мемлекеттік мәртебе берілгенін, Мәжілісте бірнеше депутаттың барын және олардың сайлау құқығына ие екенін де сөз етті. Бұл туралы ол: «Мәжілісте отырған этнос депуттары Қазақстандағы ұлыс пен ұлт өкілдерінің сөзін сөйлеп, ұлттық мәселелерін көтеріп, ұлтаралық береке бірліктің ұйытқысы болып отыр. ҚХА ның қызметі, Ассамблеяның жұмысы заң негізінде қамтамасыз етілген. Соның арқасында ҚХА-ға қарайтын бірлестіктердің кедергісіз жұмыс істеп тұрғанын, мәдени орталықтардың қызметі жанданып жатқанын, этномәдени ұйымдардың Қазақстан мәдениеті мен өркениетіне үлес қосып жатқанын атап өтті.
Сөз соңында Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері Қазақбай Қасымов дәл қазіргідей алмағайын уақытта мемлекеттің тұтастығы береке мен бірлікте екенін, мемлекет деңгейінде жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі тұрақтылықта екенін атап айтып, Қазақстанның дамуы үшін барлық этно өкілінің жауапты, міндетті екенін ескертті. Сонымен бірге, өзге ұлт өкілдері мен басқа этнос жастарының Қазақстанды Отаным деп білуі заңдылық екенін де ескертті. Әңгіме басында айтылғандай, татулықтың түпқазығы береке мен бірлікте, татулықта екенін тағы да есімізге салып әңгімесін аяқтады.