Тау басында селфиге түсемін деп өліп қала жаздаған

26.07.2018, 22:49

63

Селфидің әуресі адам өмірін қиып кете жаздаы.  Бурабайға демалуға барған Астана қаласының тұрғыны тау басына барып суретке түсемім деп аурухананың жан сақтау бөлімінен бірақ шықты. Бұл туралы Көкшетаудағы Жас Алаш тілшісі хабарлайды. Елордадан Бурабайға келген туристер демалыстары осыншалықты сәтсіз аяқталады деп ойламаса керек. Серуендеп жүрген жігіттер «Көкшетау» тауының 948-ші метріне шыққан. Шың басында телефонына суретке түсемін деп ыңғайланған азаматтардың бірінің аяғы тайып кетеді. 15 метр төмендегі қатпарласып тұрған қой тастарға құлағанымен тірі қалған. Десе де, бас-сүйек миы зақымданып, аяқ және бұғана сүйектері сынған.«Науқас ауруханаға түскен сәтте, санитарлық авиация шақырдық.Негізгі диагноз: ашық  бас-сүйек ми зақымы. Жағдайы тұрақты дегенімен ауыр», –  Бурабай ауданаралық көпсалалы аруханасыны бас дәрігерінің орынбасары Сергей КИЛАСЬЕВ.Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағы мамандары оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Айтуларынша, серуендеп жүрген жігіттердің тауға шығуға арналған белдіктері болмапты. Сол жердегі гидтардың да көмегіне жүгінбесе керек. Яғни, олар қауіпсіздік ережелерін мүлдем сақтамаған.«Өз беттерінше шығып кеткен. Олардың «спасательный»ремендері болу керек. Арқандардыда алмаған. Соның арқасында осылай, міне, апатқа ұшырады. Құлаған биіктігі 10-15 метр,– дейді Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлім басшысы Жұлдыз РАМАЗАНОВ.Фотолар автордікі. МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51