Тәуелсіздік – елімнің мақтанышы

Қазақстанның бүгінгі таңда қол жеткізген барлық табысының негізі – Тәуелсіздік.
Осы тәуелсіздіктің арқасында қазақ халықының өресі мықты, өрісі кең халық екені әлемге танылды.
Осы жылдар аясында Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық деп толық айта аламыз.
Ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деп айта аламыз. Қазақ елі талай белестерді бағындырды.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – барлық салада өз жетістігіне жетуде. Соның бірі - білім саласы. Тәуелсіздік алғаннан бері білім саласында көптеген өзгерістер болды. Оның бәрі жас ұрпақтың білімді, саналы, тәрбиелі болып өсуіне негізделуде.
Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Міне, осы бағытта тәуелсіз елдің жастарын тәрбиелеуге Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп өз елінің патриот жастарын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді. Мектеп басшысы Алтынова Мақсат Шаймерденқызының қолдауымен мектеп жоспарына сәйкес патриоттық, азаматтық, адамгершілік бағытта көптеген кездесулер, кештер, тренингтер мен вебинарлар өткізіледі. Әр оқушының Тәуелсіздік ұғымын құрметтеп, сезінуі үшін ұйымдастырылған іс-шараларға сынып жетекшілері, пән мұғалімдерімен бірге ата-аналар да жұмылдырылады. Қазақтың біртуар ақыны М.Шахановпен, ұлттық-этнографиялық ансамбль «Тұранмен», Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен ұйымдастырылған кездесу кештері оқушылар үшін маңызды болғаны анық. Олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мектеп қабырғасында қалыптасатындықтан мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілген жоспарға негізінде мәдени-рухани іс-шаралар туған жерді құрметтеуге, оның құндылықтарын бағалауға бағытталады. Мектеп кітапханасында да оқушылардың ел тарихы, әдебиеті туралы мағлұмат алуына толық мүмкіндік жасалған. Ұлы даланың ұлы тұлғаларының шығармалары арқылы бойына халқымыздың бар асыл қасиеттерін, құндылықтарын сіңіреді деп ойлаймын.