Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:44, 16 Қаңтар 2026

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Бас муфтиі Ратбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті

Ратбек қажы Нысанбайұлы
Фото: ашық дереккөз

Оның қазасы туралы ақпарат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арқылы расталды.

Еске салайық, 1990 жылы Қазақстан қазияты Орталық Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бөлініп, тәуелсіз Қазақстан мұсылмандары муфтияты құрылды. Кейін бұл ұйым Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы деп аталды. Ұйымның алғашқы басшысы және Қазақстанның Бас муфтиесі болып Ратбек Нысанбаев тағайындалған еді.

Ратбек қажы Нысанбайұлы Құранды қазақ тіліне У. Қыдырханұлымен бірлесіп аударған. Сондай-ақ, ислам туралы бірнеше кітаптың авторы.