«Таулы Қарабақ Республикасы» жойылады
Таулы Қарабах президенті Самвел Шахраманян Таулы Қарабахтың барлық мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарын тарату туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы «Арменпресс» ақпараттық штабы хабарлады.
Жарлықта шешім шығару кезінде қазіргі күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты Арцах халқының физикалық қауіпсіздігі мен өмірлік маңызды мүдделерін қамтамасыз ету басымдығы негізге алынғаны, Ресей бітімгерлік контингенті қолбасшылығының арағайындық етуімен Әзербайжан Республикасы өкілдерімен қол жеткізілген келісім (онда Таулы Қарабақ тұрғындарының, оның ішінде қаруын тастаған әскери қызметшілердің өз мүлкімен және көлігімен Лачин дәлізі бойынша еркін, ерікті және кедергісіз өтуі туралы айтылған) ескерілгені, сондай-ақ Қарабақ Конституциясының 93-бабы басшылыққа алынғаны айтылған.
"2024 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар таратылсын және Таулы Қарабақ (Арцах) Республикасы өз қызметін тоқтатады.
Таулы Қарабақ тұрғындары, оның ішінде республикадан тыс жерлерде осы Жарлық күшіне енгеннен кейін болашақта тәуелсіз және жеке шешім қабылдау мақсатында Әзірбайжан Республикасы ұсынған реинтеграция шарттарымен таныссын" делінген жарлықта.
Сондай-ақ қаулыда шешім жарияланған сәттен бастап күшіне енетіні көрсетілген.