Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:55

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 7300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды

1
Фото: ашық дереккөз

Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан азаматтарды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Эвакуация басталғаннан бері резидент және шетелдік әуе компанияларының көмегімен 7300-ден астам қазақстандық елге жеткізілді.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау құрлық жолдары арқылы да жүзеге асуда. Атап айтқанда, адамдар Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы шекаралары арқылы шығарылып жатыр.

Аймақтағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде жұмыстарды үйлестіріп, отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарға Таяу Шығыс елдеріне барлық сапар түрлерінен уақытша бас тартуға кеңес берген болатын. Сонымен қатар 28 ақпаннан кейін Таяу Шығысқа шыққан туристер туристік кепілдік жүйесінен шығарылатыны белгілі болды.