Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:15

Таяу Шығыстағы қақтығыстан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ — СІМ

1
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қазақстандықтар арасында зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Ведомствоның дерегінше, өңірдегі ең көп қазақстандық туристік бағыттар мен ірі транзиттік хабтарда шоғырланған. Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінда шамамен 3 500 адам, Сауд Арабиясында 3 000-ға жуық, Катарда 1 500-ге жуық азамат бар.

Басқа елдердегі көрсеткіштер: Иранда — 82 адам, Бахрейнде — 168, Кувейт пен Иорданияда — әрқайсында 134 адамнан, ал Израильде шамамен 100 қазақстандық бар.

Әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кей азаматтар уақытша қонақүйлерге орналастырылып жатыр.

Тегтер: