Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:35

Таяу Шығыстағы соғыстың салдары ауырлап барады: 3008 адам мерт болды

Иран мектебі
Фото: Abbas Zakeri / Mehr News / WANA / Scanpix / LETA

The Wall Street Journal мәліметінше, қақтығыс басталғалы бері қаза тапқандар саны 3008 адамға жеткен.

Сондай-ақ, 4 миллионнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Қақтығыс жалпы 14 елге әсер еткен.

Апат салдарынан 81 мыңға жуық ғимарат пен инфрақұрылым нысандары зақымданды. Бір ай ішінде шамамен 18 мың әуе соққысы жасалған.

АҚШ-тың бүлінген әскери техникасының шығыны 2,9 млрд долларға дейін бағаланып отыр. Теңіз қатынасы саласында да жағдай күрделі: 20 кеме шабуылға ұшырап, шамамен 2000 кеме қозғалысы шектелген. Бұл 20 мың теңізшіге әсер еткен.

Мұнай бағасы 50%-ға қымбаттаған.

Ал Иранда интернетке қолжетімділік 1%-ға дейін төмендеп, 500-ге жуық адам ұсталғаны хабарланды.